«П. Тәжібаева ат. ЖОББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
МЕНЮ
ҒЫЛЫМДА ДАРА, ӨМІРДЕ ДАНА ПАТШАЙЫМ

Патшайым Тәжібайқызы Тәжібаева 1920 жылы 1 қаңтарда Шымкент облысы,Төлеби ауданы,Қарақия ауылында дүниеге келген.
П.Тәжібаеваның өскен ортасы,алған тәрбиесі,көрген-білгені сан қырлы болды.Ағайынды Тәжібаевтар бесеу еді.Қанымкүл,Лашкар,Патшайым,Шәмшіт, Икрам болатын.Шәмшіт пен Икрам жас кезінде дүние салды,ең үлкені Қанымкүл да ерте қайтыс болды.Ал,Лашкар мен Патшайым қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіп,көптеген тар жол,тайғақ кешулерден өтті.Бірақ,екеуінің де өмірінің екінші жартысы,Ұлы Отан соғысынан
кейінгі кезі игілік,жемісті еңбекпен өтті.Ағасы Лашкар Ұлы Отан соғысының ардагері,көптеген ордендер-медальдардың иегер,көптеген жылдар Қазақстанның Министрлер кеңесінің Су бөлімінің бастығы,Қазақтың аграрлық университетінің су кафедрасының меңгерушісі, ғылым докторы дәрежесі мен профессор атағын алды.
П.Тәжібаеваның әкесі заман өзгерісіне қарай жастайынан орыс мектебінде оқып, Шымкент уезінде Совет үкіметінің
жауапты қызметін атқарған. Анасы Ардақ әйгілі Төле би ұрпағы, әрі бай, әрі беделді ел ағасы Ордабектің қызы
болған.атақты Есенқұл әулетіне келін болып түсті.
Әкесі Тәжібай 1923 ж,ауырып қайтыс болады, ұрпағы жетім қалып, шешесі Ардақтың тәрбиесінде өсті.П.Тәжібаеваның
атасы Есенқұл ХХ ғ. бас кезінде Меккеге бары, Қағба мешітіне тағзым етіп, Қажы атанған, щһшаруашылығы қуатты,
елін басқарған адам.
Бертін келе, Есенқұл әулеті түгелдей, оның ішінде Тәжібай ұрпағы қатал қуғын-сүргінге ұшырады. 29-30жж.
колхоздандыру басталды, Есенқұл атаның әулетінің артына түсіп, дүние, мал-мүлкін конфискілеп, өздерін түрмеге жаптырды,бұлар түгелдей, Кеңес Одағының заңы бойынша «шынжыр балақ, шұбар төс, халық жауы» аталды. Осы кезде Ардақтың отбасы түгелдей ӨзбекстанғаТашкентке қашып кетуге мәжбүр болды. Лашкар мен Патшайымның сонда оқуының да себебі осында.1942ж. оқуын
бітіріп, Алматыға келіп, бірден ҒА президенті, қазақ халқының бетке тұтар дарында ғалымы Қаныш Имантайұлы
Сатпаевтың шәкірті болды.Ол ерлердің мамандығын игеріп, ерлерше қызмет істеді.
7 жылдық мектепті бітіріп,Алматыда педагогика училищесіне түсіп, оны үздік бітірді.1939-1943 жылдары
Ташкентте Орта Азия мелекеттік университетінің геология - минерология факультетін бітірді.

П.Тәжібаеваның ескерткішінің ашылуы
Қазағымның ғажап қызы Патшайым Қазығұрт ауданындағы П.Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектептің ауласына қойылған ескерткіш – мүсін 2010ж. ашылды. Ол салтанатты жиынға сол кездегі аудан әкімі Т.Әлиев, Алматыдан арнайы келген жазушы, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Аймұханұлы Досанов, , Патшайым апамыздың қызы, профессор Құралай Ахметқызы Аққошқарова, кәсіпкер Балтабай Құрманбаев және басқалары қатысып, Патшайым Тәжібаеваның ғылымға қосқан аса зор үлесі жайлы тағылымды сөз сөйледі. Ескерткіш лентасын Т.Әлиев, С.Досанов, Б.Құрманбаев қиды. Осы ғұлама адамның есімі біздің мектепке берілгеніне біз, мектеп ұжымы, оқушылар үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Түрлі іс-шаралар, ашық тәрбие сағаттары, география пәнінен аудандық олимпиада өткізу жоспарланып отыр.
Ел игілі үшін аянбай еңбек еткен асыл жар, аяулы ана болған, ірі ғалым, мемлекеттік қайраткер Патшайым Тәжібайқызы Тәжібаеваның есімі ешқашан ұмытылмайды.



© 2025 «П. Тәжібаева ат. ЖОББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасының
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің
